387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


AS: Икер Касильяс мансабын аяқтайды

  • 354
  • UPD: 13:50, 07.05.2019
AS: Икер Касильяс мансабын аяқтайды Матч ТВ

«Портудың» қақпашысы Икер Касильяс жүрек ұстамасымен ауруханаға түскендіктен мансабын аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Бұл туралы AS басылымы мәлімдеді. Қақпашыны қараған кардиолог-дәрігер Хуан Антонио Корбаланның айтуынша, Икер енді кәсіпқой деңгейде карьерасын жалғастыра алмайды. 

1 мамыр күні 37 жастағы қақпашы сәрсенбідегі жаттығудан соң өзін нашар сезінген. Артынша ол Портудағы ауруханаға жеткізілді. Қазір футболшының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы