379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы Ұлыбританияда шаршы алаңға шығады

  • 106
  • UPD: 13:50, 07.05.2019
Қазақстандық боксшы Ұлыбританияда шаршы алаңға шығады

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (4-0, 1КО) келесі жекпе-жегін 3 мамыр күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ұлыбританияның Ньюкасл қаласындағы Eagles Community кешенінде өтетін бокс кешінде Нұртас Әжбенов ресейлік Борис Шикуновпен (1-1-2) қолғап түйістіреді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептеліп отыр.

Айта кетейік, Нұртас Әжбенов соңғы жекпе-жегінде британиялық боксшы Крис Адавейді (8-50-4, 1 КО) ұпай саны бойынша жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы