379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

  • 112
  • UPD: 18:16, 02.05.2019
Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Мамыр айында таеквондодан осы жылғы ең беделді жарыс өтеді.

Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем чемпионатында ең мықты таеквондошылар анықталып қана қоймай, олимпиадалық лицензияға таласуға қажетті маңызды рейтингілік ұпайларды жинауға мүмкіндік беріледі.

Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Манчестердегі жарысқа қатысатын спортшыларды іріктеп алды. Британияда төселетін даянгте 16 қазақстандық таеквондошы медальға таласады. Ерлер арасында Самат Темірхан (54 кг), Елдос Ысқақ (58 кг), Эльдар Бірімбай (63 кг), Нұрсұлтан Мамаев (68 кг), Қайрат Сарымсақов (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг) және Руслан Жапаров  (+87 кг).

Қыздар арасындағы жарысқа Айнұр Уашпай (46 кг), Айнұр Есбергенова (49 кг), Фариза Алданғарова (53 кг), Ботагөз Қопанова (57 кг), Фатима Жақсыбаева (62 кг), Ақсәуле Ерқасымова (67 кг),  Жансель Дениз (73 кг), Мереке Жүнісова (+73 кг).

Жарыс кезінде қандай мақсат қойылғандығы туралы команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Еставлетов қысқа қайырды.

«Бір-екі медаль жеңіп алғымыз келеді. Қазір Оңтүстік Кореяда чемпионатқа дайындалып жатырмыз», – деді Батырбек Еставлетов.

Хабар 24 телеарнасы