378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулитын отандық әдістеме шетелдіктерді қызықтырды

  • 148
Мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулитын отандық әдістеме шетелдіктерді қызықтырды

Қазақстандық хоккейшілер әлемдік элита тобына тағы бір қадам жақындай түсті.

Дәл қазір елордада бірінші дивизион құрамалары арасындағы чемпионат өтіп жатыр. Жерлестеріміз оның аясында Словения мен Литва құрамаларын ұтқан болатын. Ал күні кеше үшінші кездесуін Оңтүстік Корея хоккейшілеріне қарсы өткізді және бұл матч та ұлттық құраманың айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп: 4:1. Жерлестеріміз арасынан Павел Акользин, Леонид Матальников, Дмитрий Шевченко және Никита Клещенколар мергендімен көзге түсті. Осылайша Қазақстан турнир тізімінің 2-сатысына көтерілді. Топ басында Беларусь хоккейшілері. Қос құрама арасындағы кездесу ертең өтеді.

Отандық әдістемеге қызығушылық артты

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулу әдістемесі шетелдіктерді қызықтырып отыр. Жуырда Ақмола облысында «медицина және бейімдеу спорты» деген тақырыпта халықаралық жиын өткен болатын. Ол жерде елордадағы «АЛИ ФОК» спорттық-сауықтыру клубының мамандары өз жобаларын таныстырды. Спортпен шұғылданатын балалар шеберліктерін көрсетті. Осылайша 50-ге жуық елдің өкілдері енді осы әдістемені өз мемлекеттерінде пайдалануды көздеп отыр. Айта кетейік, елордадағы спорттық-сауықтыру мектебінің ашылғанына бір жыл ғана болды. Осы аралықта мүмкіндігі шектеулі ондаған бала паралимпиадалық спорт түрлеріне бейімделді. Тіпті осы әдістеменің арқасында ауыр науқастан сауығып кеткендері де бар.

Хабар 24 телеарнасы