378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің финалына өтті

  • 98
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің финалына өтті

Зарина Дияс жапониялық Гифу қаласында өтіп жатқан Kangaroo Cup International Ladies Open Tennis 2019 турнирінің финалына жолдама алды.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Жартылай финалдық сайыста қазақстандық теннисші Австралия елінің өкілі Мэддисон Инглиспен кездесті. Дияс үш сетте - 1:6, 6:4, 6:1 есебімен қарсыласын жеңді.

Финалда жерлесіміз қытайлық теннисші Лян Эн Шуомен сынға түседі. Турнирдің жүлде қоры 80000 АҚШ долларын құрайды. 

Хабар 24 телеарнасы