378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елеусінов пен Головкин бір кеште жұдырықтасады

  • 138
  • UPD: 16:35, 04.05.2019
Елеусінов пен Головкин бір кеште жұдырықтасады prosports.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында жекпе-жек өткізбейді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Отандасымыздың 25 мамырда АҚШ-та өтуі қажет болған жекпе-жегі кейінгі шегерілді. 

«Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға - Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақында жариялаймыз», - деді Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев.

Айта кетейік, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.  

Хабар 24 телеарнасы