378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы жартылай марафонға мыңға жуық адам қатысты

  • 127
  • UPD: 09:13, 05.05.2019
Оралдағы жартылай марафонға мыңға жуық адам қатысты

Оралда мыңға тарта адам көктемгі жартылай марафонға қатысты.  Жаппай жүгіруге арналған шара қалалық мәдени және демалыс саябағында ұйымдастырылды.

Сергектікті серік еткендер бұл күні  5,10 және 21 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Олардың көбі кәсіби спортшылар емес, жүгіруді әдетке айналдырған аймақ тұрғындары. Айта кетерлігі, жүгіруден өтетін мұндай шараларға қатысушылар қатары жыл санап артып келеді. Араларында балалар мен зейнет жасындағы қариялар да бар. Әртүрлі қашықтықты бағындырып, мәре сызығын алғаш болып кескендер бағалы сыйлық алды.

Ринат Айтқұлов,  қала тұрғыны:

- Жеңіс күніне арналған осындай шара болып жатыр. Аталарымыздың жеңісін еске алып, бірігіп осылай жүгіріп, денсаулыққа пайдасы тиіп. Жақсы деп ойлаймын осылай мерейлі іс-шаралар өткізгені. 

Әсия Аманбаева,  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: 

-  Жарыстың ерекшелігі осы жолы біз мысалы бұрын студенттерге оқушыларға қатысасыз ба бір жағынан ұсыныс білдіріп, ондай болған жоқ. Осы марафонда өз еріктерімен келіп көріп, қатысып жатырғаны. Және тағы бір ерекшелігі 4 ауданнан қатысушылар келіп отыр. Бұл Ақжайық, Теректі Сырым және Шыңғырлау ауданының қатысушылары. Демек, жүгіру мәдениеті, белсенді спортпен шұғылдану мәдениеті қалыптасуда.

Хабар 24 телеарнасы