378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Жапониядағы жарыста жеңімпаз атанды

  • 95
  • UPD: 12:33, 05.05.2019
Зарина Дияс Жапониядағы жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Осы турнирдің үшінші, әлемнің 115-ракеткасы З.Дияс финалда рейтингте 190-орында тұрған тайваньдық Энь Шо Лянмен күш сынасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осылайша Зарина Дияс жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың чемпионы атанды.

Жалпы Заринаға жапон жері жағады деуге болады. Бұдан екі жыл бұрын қазақстандық теннисші Токио турнирінің жеңімпазы атанған еді. Бұл оның WTA турнирлеріндегі алғашқы жеңісі болатын. Аталмыш табыс әзірге жалғыз болып тұр. Енді алдағы уақытта осыны жалғастырып, бәсі мен деңгейі ITF-дан жоғары WTA жарыстарында сәтті өнер көрсетсе, рейтингісі де жоғарылар еді. Осы айдың аяғында басталатын, теннисті тамашалайтын бүкіл әлемнің назары ауатын Париждегі Ролан Гаррос турнирінің жөні тіптен бөлек. Юлия Путинцева екеуіне сол жарыста жолы болса табар табыстары да молая түсер еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Зарина Дияс Гифу турнирінің ширек, жартылай финалдарынан өтіп, финалға жолдама алған еді.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы