389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда велотрек ашылды

  • 523
  • UPD: 13:46, 07.05.2019

Бүгін Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында 30 жыл бойы жұмыс істемей тұрған велотрек ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаңды Алматы әкімдігі мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының демеушілігімен қайта жөндеген. Велотректің жалпы ұзындығы 330 метр. 200 орындық көрермен трибунасы бар. Халықаралық талапқа сай жаңғыртылған спорттық нысанда жастар мен ересектер арасында жарыс өткізуге болады. Велотректе қаланың спорт мектептерінің оқушылары үшін сабақтар мен түрлі спорттық жарыстар өткізу жоспарланған.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Заманауи технологияға сай құрылыс аяқталды. Енді алдағы уақытта біздің велокомпаниямызды қуантады деп ойлаймын.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ төрағасы:

- Біздің қор қайырымдылық шараларымен қатар еліміздегі спорттың дамуын қолдайды. Сондай қаржылық қолдаудың арқасында көптеген облыстарда спорттық нысандар салынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы