378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық оқушы шахматшылардың әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

  • 121
  • UPD: 22:53, 06.05.2019

Ақтаулық оқушы Түркияда жас шахматшылар арасында өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды.

8 жастағы Эдгар Мамедов халықаралық сайыста күміс алқаға ие болды. Бұл аймақ тарихында шахматтан әлем чемпионатынан алған алғашқы жүлдеміз, дейді спорт басқармасының басшылары. Анталияда өткен сайысқа дүниежүзінің 33 елінен 382 оқушы қатысқан. Есепке жүйрік Эдгар 6 жасында Қазақстан чемпионы атанып үлгерді. Биыл да Павлодар қаласында өткен ел біріншілігінде 8 жасқа дейінгі ойыншылар арасында топ жарды.

Ануар Шайхымов, Маңғыстау облыстық шахмат федерациясының атқарушы директоры:

- Білімге құштар, көп сұрақ қоятын. Мұның жеңіске жеткенінің тағы бір себебі 4 жасынан бастап өзі кітап оқитын болған. Маған келгенде 5 жасар бала еді. Оған дайын материалдарды үлкендерге беретін, кітап ретінде берсем, формулаларды өзі оқып таныса беретін болған. Ал басқа балалар ондайды 10-12 жастан бастайды.

Эдгар Мамедов, Түркияда өткен әлем чемпионатының 2-орын иегері:

- Түркияда өткен жарыста өзбекстандық қарсыласыма есе жіберіп алдым. Болмайтын жерден қателестім. Бұл қателігімді алдағы тамыз айында Қытайда өтетін әлем чемпионатында түзетпекшімін. Алтыннан алқа тақсам деген жоспарым бар.

Хабар 24 телеарнасы