378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында кіл мықтылар күш сынасты

  • 156
  • UPD: 14:02, 07.05.2019
Атырау облысында кіл мықтылар күш сынасты

Атырау облысының Жылыой ауданында күштік экстримнен «Құлсары кубогі-2019» ашық турнирі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа халықаралық дәрежедегі 12 спортшы қатысты. Олардың арасында Қазақстан мен Ресейдің спортшылары және әлем чемпиондары да бар. Шараны батысқазақстандық бодибилдинг, фитнес және Күш қолданатын спорт түрлері федерациясымен бірге Жылыой ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Қазақстандықтармен қатар Ресей Федерациясының Орынбор, Самара қалаларынан келген спортшылар да сайыстың көркін қыздырды. Жылыойлықтар да жарысқа қатысып, өз күштерін сынап көрді. Спорттық шара Жастар жылы және бұқара арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілуде. Қатысушылар күштік экстримнің 4 кезеңі бойынша сынға түсті. Жарыс жеңімпазы пауэрлифтинг, стронгмен және жатып сығымдау бойынша әлем чемпионы атыраулық Эдуард Қабдешов атанды.

Бекарыс Ахметов, стронгмен, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Мұндай жарыс аудан аумағында тұңғыш рет өткізіліп жатыр екен. Барлық қатысушы биыл сайысқа жақсы дайындалыпты. Аудан халқы да бізге ерешеке қолдау білдіріп жатыр. Мен өзім бұл спорт түрімен 5-6 жылдан бері айналысыып келемін. Бұл – ең күштілерге арналған спорт. Әр белесті бағындырып, мақсатыңа жеткен сайын өмірге деген құлшынысың арта түседі. 

Фарида Ахметова, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары:

- Алдағы уақытта осындай шараларды қолға алып, халықты көбірек спортпен шұғылдануға, осындай жақсы істерге бағыттаудағы жұмыстарды жалғастырамыз. Бұған дейін де спорттық шаралар өтіп жүр, бірақ бұл шараның ерекшелігі, бұл шараның мақсаты – ең күшті, қайратты спортшыларды таныту, оларды халыққа көрсету.

Хабар 24 телеарнасы