378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» – «Барселона» кездесуі күтіп тұр

  • 175
  • UPD: 14:05, 07.05.2019
Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» – «Барселона» кездесуі күтіп тұр Корреспондент.net

Шымкентте теннистен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұтыс қоры 50 мың долларды құрайтын жарысқа 30 елден 100-ге тарта спортшы жиналды. «Челленджер» санатындағы турнирге еліміздің үздіктері де қатысып жатыр. Алғашқы іріктеу кезеңінде Тимур Хабибуллин өзбекстандық Шаробиддин Абзаловтан басым түсті. «Шымкент Челленджер» турнирінің жеңімпазы жексенбі күні белгілі болады.

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдағы қарымта матчы өтеді. «Ливерпуль» «Барселонаны» қабылдайды. Жұрт назарын аударған жұптың Каталониядағы кездесуі 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталғаны белгілі. Көпшілік Месси бастаған жігіттерді финалға шығарып та қойды. Алайда «Энфильдте» «Ливерпуль» қарымта қайтаруға ұмтылады. Юрген Клопп шәкірттері өз алаңында жанкүйерлердің қолдауымен төрт доп соғуға тырысады. Алайда ағылшын командасының жағдайы мәз емес. Өткен турда «Ливерпульдің» бас мергені Мұхаммед Салах басынан жарақат алып, қатардан шығып қалды. Негізгі құрамдағы шабуылшы Роберто Фирмино да ойынға қатыса алмайды.

Юрген Клопп, «Ливерпуль» ФК бас бапкері:

- Алғашқы матчта біз 0:3 есебімен жеңіліп қалдық. Әрине, жағдайымыз мәз емес. Бізге екі шабуылшымыз көмектесе алмайды. Бірақ өзге 11 футболшы алаңға шығуға дайын. Олар төрт доп соғуға тырысып көреді. Мүмкін бұл біздің Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынымыз шығар. Сондықтан осы кездесуден ләззат алып, көрермендерге қуаныш сыйлайық.

Икер Касильяс ауруханадан шықты

«Порту» командасының қақпашысы Икер Касильяс ауруханадан шықты. Футболшы бірнеше күн бұрын жаттығу кезінде жүрек талмасына ұшырап, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінген болатын. Ақ халатты мамандардың айтуынша, испаниялық қақпашы үлкен спортпен қош айтысуы тиіс. Касильяс португалиялық команданың сапына 2015 жылы қосылды. Оған дейін ол 15 жыл бойы «Реалдың» қақпасын қорғады.   

Икер Касильяс, «Порту» ФК қақпашысы:

- Мен болашағым жайлы нақты шешімге келген жоқпын. Қазір өзімді қалай сезінемін, сол маңызды. Есімді жинап, демаламын. Екі апта, мүмкін екі ай алаңға оралмайтын шығармын. Ол маңызды емес. Адамдардың қолдауын сезіндім. Қиын жағдайда көңіл-күйімді көтерді. Маған алаңдаған барлық жандарға алғыс айтамын.

Футболдан оқушылар арасындағы турнир

Елордада жазғы футбол маусымы ашылды. Осыған орай мектеп оқушылары арасында турнир өтті. «Сарыарқа» республикалық велотрегінің жасыл алаңына жиналған 16 команда бірнеше жас деңгейі бойынша мықтыны анықтады. Жарыс барысында үздік қорғаушы, үздік қақпашы және үздік шабуылшы аталымдары бойынша арнайы сыйлықтар табысталды. Велортек алаңында оқушылар жарысы алғаш рет өткізілді. Енді ұйымдастырушылар бұл турнирді дәстүрге айналдырмақ.

Назар Жұмабеков, Олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары:

- Бүгін 130-ға жуық қатысушы жиналды. Алдағы жылдары олардың қатары артады деген үміттемін. Біз осы жарыс арқылы балаларды спортқа баулып, саламатты өмір салтын қалыптастырғымыз келеді. Тіпті, осы мақсатта велотрек жанынан балалар футболы үйірмесін ашқан болатынбыз. Яғни біздің мекеме тек велоспортты ғана емес, әртүрлі спорт түрлерін дамытуды қолға алмақ.

Теннис: Mutua Madrid Open турнирі

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мадрид турнирінің екінші айналымына өте алмады. Неміс жігіті Филипп Кольшрайбермен кортқа шыққан жерлесіміз 2:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды. Келесі айналымға хорватиялық Марин Чилич те жолдама алды. Ол Мартин Клижаннан басым түсті. Испания астанасындағы жарысқа әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович те қатысады. Сербиялық теннисші осы турнирде 2011 және 2016 жылдары топ жарған болатын. Бүгін Джокович америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы