378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Элизабет Тұрсынбаева жаңартылған ISU рейтингінде үздік ондыққа енді

  • 140
  • UPD: 19:18, 07.05.2019
Элизабет Тұрсынбаева жаңартылған ISU рейтингінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, ұпай есептеу барысында Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері санаққа алынады. 

Әйелдер арасында ресейлік Алина Загитова 4510 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Сатока Мияхара 3459 ұпаймен орналасқан. 3384 ұпай жинаған тағы бір ресейлік Евгения Медведева үздік үштікті қорытындылауда. 

Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орында. Ол екі маусым қорытындысы бойынша 3108 ұпай жинаған. Ал жекелеген маусымда Элизабет төртінші орынға тұрақтаған. 

Еске сала кетейік, Тұрсынбаев өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 

Хабар 24 телеарнасы