389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» үш хоккейшімен келісімшарт ұзартқанын хабарлады

  • 354
  • UPD: 18:53, 07.05.2019
«Барыс» үш хоккейшімен келісімшарт ұзартқанын хабарлады prosports.kz

Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков және Никита Клещенко «Барыс» командасымен келісімшартын ұзартты.

Келісімшарт мерзімі екі жылға, яғни, 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. Гурков және Гренц «Барыс» пен «Номад» фарм-клубының намысын қорғаған еді. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да алаңға шықты.

Қорғаушы Клещенко бүкіл маусымды «Номад» сапында өткізіп, 66 ойында 22 ұпай жинаған еді. Ал елордада өткен әлем біріншілігінде 5 матчқа қатысып, ұпай жүйесі бойынша (2+1) жинаған болатын.  

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы