378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бірнеше спорт алаңы ашылды

  • 112
  • UPD: 09:20, 08.05.2019
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бірнеше спорт алаңы ашылды

Кеңес елді мекенінде пайдалануға берілген заманауи үлгідегі нысандар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында іске асырылды.

Жеке демеушілердің есебінен 15 млн теңгеге салынған футбол, волейбол, баскетбол және балалар алаңшалары ауыл тұрғындарына сыйға тартылды.

«Бұған дейін қалалы жердің ғана жастарына қолжетімді болған мұндай спорт алаңдары, енді ауылдың қара домалық балаларының да сүйікті жаттығу орнына айналады» деді ауыл ақсақалдары. Салтанатты жиыннан кейін жаңадан ашылған спорттық алаңдарда жастар арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарынан жарыс өтті.

Нұрмағанбет Әжіметұлы, еңбек ардагері:

- Жалпы келешектегі жастарымыз үшін оларды тәрбиелеп өсіру үшін, солардың жағдайын жасау үшін спорт кешенін жасады. Керемет екен, үлкен рахмет айтамыз. Жастарымыз өсіп, өне берсін.

Бақытбек Танагөзов, Бәйдібек ауданының әкімі:

- Жалпы аудан көлемінде, халыққа жағдай жасау мақсатында барлық кәсіпкерлер өздері шыққан ауылға жағдай жасау жөнінде үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Соның бір көрінісі- бүгін ауылда спорт алаңшалары пайдалнуға берілді, Бұның барлығы ертең елдің игілігіне, халықтың денсаулығына үлкен пайдасын тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы