378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ливерпульдің» финалдағы қарсыласы анықталады

  • 156
  • UPD: 11:40, 08.05.2019
«Ливерпульдің» финалдағы қарсыласы анықталады

«Ливерпульдің» финалдағы қарсыласы бүгін түнде анықталады. Амстердамда «Аякс» «Тоттенхэмді» қабылдайды.

Апта бұрын Лондондағы кездесуде 1:0 есебімен Голландиялық команда жеңіске жеткені белгілі. Эрик Тен Хаг шәкірттері жартылай финалға дейін «Реал» «Ювентус» секілді алыптарды жолдан тайдырды. Енді кілең жастардан құралған команда финалға шығуды көздейді. Алаң иелерінің төрт көзі түгел. Тек шабуылшы Давид Нерестің аздаған жарақаты бар. Алайда футболшы негізгі құраммен жаттықты. 

Эрик Тен Хаг, «Аякс» ФК Бас бапкері:

- Біз жеңіске жетуге тиіспіз. Осы мақсатпен алаңға шығамыз. Мықты екенімізді тағы бір мәрте дәлелдеуіміз керек. Командамның ойынына ризамын. Түрлі тактикалық шешімдер де кездесу тағдырына әсер етеді. Бұл біздің қаруымыз. Кімдердің алаңға шығатынын шешіп қойдым.

Хабар 24 телеарнасы