379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин-Роллс андеркартында шығатын Әли Ахмедовтің қарсыласы анықталды

  • 298
  • UPD: 16:31, 08.05.2019
Головкин-Роллс андеркартында шығатын Әли Ахмедовтің қарсыласы анықталды Sputnik Казахстан

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10КО) 8 маусымда Нью-Йоркте америкалық Абрахам Ханмен жекпе-жекке шығады.

Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec ақпаратына сәйкес, 34 жастағы Абрахам Хан кәсіпқой бокста 26 рет жеңіске (оның 16-сын нокаутпен) жеткен. Төрт рет жеңіліп, бір мәрте қарсыласымен тең түскен. Соңғы рет америкалық 2018 жылдың сәуірінде шаршы алаңға шығып, төрешілердің шешімімен Энтони Дирреллден жеңілген. Екінші орта салмақтағы айқас 10 раундқа есептеліп отыр.

Әли Ахмедовтің (14-0, 10КО) 8 маусымда Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) – Стив Роллс (19-0, 10КО) айқасының андеркартында рингке шығатыны бұған дейін хабарланған болатын. GGG Promotions клиенті Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен жаттығуда.

Хабар 24 телеарнасы