378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің жаңа жаттықтырушысы еңбекақысы жайлы айтты

  • 112
  • UPD: 16:21, 09.05.2019
Головкиннің жаңа жаттықтырушысы еңбекақысы жайлы айтты inform.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс боксшымен серіктестігінің қаржылық жағы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

- Головкиннің Санчеспен байланысын үзу себебіне қатысты пікіріңізді білдіре аласыз ба? Головкинге көрсететін қызметіңіздің еңбекақысы қандай?

- Олардың не себепті байланыстарын үзгені мені алаңдатпайды. Оған қатысты пікірімді білдіре алмаймын. Еңбақыма келсек, оны да егжей-тегжейлі айтқым келмейді. Бірақ қаржылық мәселелер бойынша менің түсінуімше, бәрі дұрыс.

Айта кетейік, Головкин мен Санчестің айрылысуына шешілмеген қаржылық мәселелер себеп болды: Геннадий жаттықтырушысының жалақысын азайтқысы келген, ал ол бас тартқан. Геннадий Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет 8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Париматч букмекерлік кеңсесінің бағалауынша: Головкиннің жеңісі - 1.01, Роллдың жеңісі - 19. Жекпе-жек 164 фунттық аралық салмақта өтеді.

Хабар 24 телеарнасы