378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» басшылығы шұғыл жиналыс өткізеді

  • 55
  • UPD: 23:27, 09.05.2019
«Барселона» басшылығы шұғыл жиналыс өткізеді

«Барселона» жедел жиналыс өткізіп, Вальверденің тағдырын шешеді.

«Барселона» Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейін клуб басшылығы жедел түрде жиналыс өткізбек. 

Басылымның ақпараты бойынша бұл жиналыста бас бапкер Эрнесто Вальверденің клубтағы тағдыры шешіледі. Вальвердемен бірге каталониялықтар қатарынан екі жыл бойы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде үш доп басымдығын сақтай алмай, ұшып кетті.

Клуб басшылығы нақты шешім қабылдауға асықпайды, себебі маманды ауыстыра алатын бапкерді әлі таппады.

Сонымен қатар бұл жиналыста осы маусымда көңілден шықпаған ойыншыларды сату мәселесі де көтеріледі. Бірінші кезекте жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо командадан кетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы