378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финалға шыққан төрттік: Англия командалары Еуропада үстемдік құрды

  • 367
  • UPD: 15:32, 10.05.2019
Финалға шыққан төрттік: Англия командалары Еуропада үстемдік құрды Footboom.kz

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мадридтегі халықаралық турнирдің жұптық сайысында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміз Ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге финалдық жолдамаға таласады.

Еуропа лигасы: «Валенсия» – «Арсенал» – 2:4

Англия командалары Еуропада үстемдік құрды. Биылғы Еурокубокта ағылшын клубтары өзара бас жүлдені сарапқа салады. «Ливерпуль» мен «Тоттенхэмнен» кейін «Арсенал» мен «Челси» Еуропа лигасының финалына шықты. Сарри шәкірттері өз алаңында «Айнтрахтты» әрең жеңді. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында «Челсидің» жолы болды. Унай Эмери бастаған «Арсенал» сырт алаңда «Валенсиядан» 4:2 есебімен басым түсті. Обамеянгтың соққан үші голы лондондықтарды шешуші сынға алып шықты. Еуропа лигасының финалы 29 мамырда Баку қаласында өтеді.  

Унаи Эмери, «Арсенал» ФК бас бапкері:

- Біз өзімізге сенімді болдық. Қиын ойын күтіп тұрғанын білдік. Гол соғатын мүмкіндіктерді мүлт жібермей, жеңіске жеттік. Қорғаныста сақ ойнап, матч бойы босаңсыған жоқпыз. Жарыс әлі жалғасады. Сондықтан қуануға ерте. Жүлдеге қадам жасадық.

Бекхэм көлік жүргізу құқығынан айырылды

Англия құрамасының бұрынғы капитаны, әлем футболының жұлдызы Дэвид Бекхэм жарты жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сот ереже бұзған ойыншының атақ-даңқына да қараған жоқ. Егер Бекхэм тағы тәртіпсіздікке жол берсе, үш жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Ереже қайта қарауға жатпайды. Аладоп шебері қателігін түсініп, көлік жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескенін мойындады. Бұл оқиға былтыр қараша айында Лондон көшелерінде болған еді.   

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық жеребесі тартылды. Ел кубогының иегері «Қайратты» жолдан тайдырған «Тобыл» «Қайсарды» қабылдаса, «Ордабасы» «Атырауды» күтеді. Алғашқы ойындар 22 мамырда өтеді. Қарымта кездесу 19 маусымға жоспарланған.

Mutua Madrid Open турнирі

Теннистен Мадрид ашық біріншілігінің ширек финалистері анықталды. Неміс спортшысы Александр Зверев үшінші айналымда поляк Хуберт Хуркачтың осал тұсын тапты. Есеп – 3:6, 6:4. 6:4. Кездесу екі сағат 11 минутқа созылды. Зверев жартылай финал жолдамасын Стефанос Циципаспен сарапқа салады. Грекиялық теннисші италиялық Фернандо Вердасконы жеңді. Құмды корттың королі Рафаэль Надаль да жарысты жалғастырады. Испаниялық спортшы америкалық Фрэнсис Тиафодан басым түсті. Надаль ширек финалда швейцариялық Стэн Вавринкамен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы