378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

  • 59
  • UPD: 12:14, 10.05.2019
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Фукуока ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 98-орында тұрған Зарина Дияс ширек финалда жапониялық, әлемнің 269-ракеткасы Риса Одзакимен кортқа шықты

Турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Бәсеке бір сағатқа созылды.

З.Дияс жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 193-ракеткасы, канадалық Ребекка Мариномен шеберлік байқасады.

Екінші жартылай финалда осы турнирдің екінші, әлемнің 119-ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсон мен рейтингте 185-орындағы америкалық Кристи Ан кездеседі.

Турнир 12 мамырда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Хабар 24 телеарнасы