378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


AS: «Барселона» жазда 10 ойыншысымен қоштасады

  • 159
AS: «Барселона» жазда 10 ойыншысымен қоштасады UA-Football

«Барселона» жаздық трансферлік терезесінде бірқатар ойыншымен қоштасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS порталының мәліметінше, каталондықтар қорғаушылары Томас Вермаленмен, Джейсон Мурильомен, шабуылшы Кевин-Принс Боатенгпен және қақпашысы Яспер Силлессенмен қоштасады.

«Барселона» жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньоға жаңа клуб қарастыруда. Бразилиялықтың құны – 100 миллион еуро. Қорғаушы Самуэль Умтити де клуб сапынан кетуі ғажап емес. Каталониялық команда «Аякстан» Матейса де Лигтаны алғысы келеді.

Сонымен қатар Малком мен Иван Ракитичке жақсы ұсыныстар түссе, «Барселона» оларды сатуға әзір. Рафинья мен Денис Суарес те клубтан кетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы