378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иван Дычко өзінен 20 жас үлкен қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

  • 87
  • UPD: 16:24, 11.05.2019
Иван Дычко өзінен 20 жас үлкен қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко америкалық Рэй Остинді үшінші раундта тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айқас үш раундқа ғана созылды. Өзінен 20 жас үлкен, салмағы 29 келі ауыр Рэй Остин көпке барған жоқ. Өзінен жас әрі қайратты Иваннан үшінші раундта техникалық нокаут алды. Иван Дычко кәсіби бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Боксшы осыған дейін барлық кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап келеді.

Хабар 24 телеарнасы