379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйгілі өзбек қақпашысы допинг қолданғаны үшін жазаланды

  • 66
  • UPD: 16:48, 11.05.2019
Әйгілі өзбек қақпашысы допинг қолданғаны үшін жазаланды Championat.asia

Азия футбол конфедерациясы (АФК) Игнатий Нестеровқа қарсы шара қолданды.

Айыптаушы тарап 35 жастағы қақпашыны 16 айға футболдан шеттетуді сұраған. Алайда АФК 8 ай мерзім жетеді деп шешті. Футболшы жаза мерзімі аяқталуға екі ай қалғанда командасының жаттығуына қатыса алады, деп жазады prosports.kz.

Еске сала кетейік, Нестеров осы жылы өткен Азия біріншілігі кезінде допингпен ұсталған еді. Қақпашының айтуынша, дәрігерлерге ескертпей, салмақ азайтатын дәрі қолданыпты.

Хабар 24 телеарнасы