378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир басталды

  • 83
  • UPD: 23:47, 11.05.2019

Қарағандыда қазақтың хас батыры Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсекеге барлығы 380-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында Беларусь елінің атлеттері де бар. Себебі мұнда Қазыбек Нұржанов атындағы жеңіл атлетика жарысы 40 жыл бойы үздіксіз өткізіліп келеді. Биыл бұл эстафетаны жерлестеріміз алып, желаяқтар жарысын алғаш рет туған өлкесінде ұйымдастырды. Тарихи деректерге үңілсек, Волковыск қаласын азат ету кезінде Қазыбек Нұржанов басқарған взвод жау тылын бұзып кіріп, 100-ге жуық фашисті қолға түсірген. Алайда кескілескен ұрыста ол ауыр жараланып, 1944 жылы мерт болады. Отандасымыз Беларусьте жеріндегі бауырластар зиратына жерленген. Кейін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Осындай даңқты жерлесіміздің туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Қазір Волковыск қаласындағы ең үлкен көшелердің бірі жерлесіміз Қазыбек Нұржановтың есімімен аталады. Былтыр дәл осы жерге қарағандылық меценат Мұрат Жадаевтың бастамасымен еңселі ескерткіш қойылған болатын. Ал биыл батыр бабамыздың есімі туған өлкесінде ұлықталды.

Есен Төлтаев, облыстық жеңіл атлетика мектебінің директоры:

- Бұл турнир халықтар достығының нығаюына және биылғы Жастар жылының бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, жастардың денсаулығын арттыруға, екі елдің ынтымақтастығына себеп тигізеді. Беларусь командасы өте мықты. Белорустар жеңіл атлетикадан өте жақсы. Бүгінгі жарыс, біздің ойымызша, өте тартысты және әсерлі болып, жаңа рекордтар орындалады деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы