389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: АҚШ Словакиядан ұтылды

  • 248
Хоккей: АҚШ Словакиядан ұтылды

Шайбалы хоккейден әлем біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде АҚШ құрамасы айдын иелері саналатын Словакиядан ұтылып қалды.

Есеп 1:4. Ойынның бесінші минутында Матуш Сукель есеп ашып, жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады. Кезең аяқталғанша, Алекс Дебрикант белсеніп, таразы басын теңестірді. Алайда үзілістен кейін Эрик Чернак мергендік танытып, Словакияны алға шығарды. Артынша Томаш Тара көзге түсіп, ара салмақты еселей түсті. Үшінші кезеңде Михал Криштоф гол соқты. Айдын иелері осы біріншілікке тыңғылықты дайындалғаны анық. Құрамның басым көпшілігі – Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін ойыншылар. Американы азулы қарсылас деуге болатын шығар. Бірақ олар әлем біріншілігінде соңғы рет осыдан 59 жыл бұрын топ жарған. Рас биылғы құрамы ерекше. Кілең трансферлік құны қымбаттарын жинапты. Ал дүние жүзінің чемпиондары саналатын Швеция В тобының екінші бір өкілі Чехиядан жеңіліп қалды. Есеп 2:5.

Хабар 24 телеарнасы