378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қақпашы төрт пенальтиді қайтарып, шешуші голды өзі соқты

  • 169
  • UPD: 14:24, 12.05.2019
Қақпашы төрт пенальтиді қайтарып, шешуші голды өзі соқты Prosports.kz

Австралиялық «Перт Глори» қақпашысы Лиэм Редди ел чемпионаты - А-лиганың гранд финалында «Аделаида Юнайтедке» қарсы өткен матчтың бас қаһарманына айналды, деп жазады Prosports.kz. 

Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. 

«Перт» қақпашысы Лиэм Редди пенальти сериясында төрт бірдей 11 метрлікті тойтарып қана қоймай, өзі де бір пенальтиді сәтті орындады. Сөйтіп командасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. 

Хабар 24 телеарнасы