389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Роллстан антидопингілік сынама күтпеген жерден алынатын болады

  • 399
  • UPD: 09:01, 13.05.2019
Головкин мен Роллстан антидопингілік сынама күтпеген жерден алынатын болады inform.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы канадалық Стив Роллс жекпе-жек алдында Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының (VADA) бағдарламасына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап.

VADA-ның тыйым салынған заттарды қолдануға қарсы күрес бағдарламасы аясында қос боксшы допингке кез келген уақытта тексерілетін болады.

«VADA Testing Геннадий Головкин мен Стив Роллсты біздің бағдарламада көруге қуанышты! #ТазаБокс», - деп жазылған қауымдастықтың Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, Головкин-Роллс айқасы 8 маусымда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Олар ешбір титулға таласпайды. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Геннадийдің DAZN стримингтік сервисіндегі және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстың басшылығындағы дебютті жекпе-жегі.

Хабар 24 телеарнасы