378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қолайлы қала: балалар спорттық нысандары жетіспейді

  • 103
  • UPD: 15:24, 13.05.2019

Бас шаһар балалар спортының дамуы бойынша көш соңында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе бүгін «Нұр-Сұлтан – қолайлы қала: өмір сүру сапасын бағалау қорытындылары» атты дөңгелек үстел барысында көтерілді. Бүгінде елордада 150 мыңға жуық оқушы болса, олардың 6%-ке жетер-жетпесі дене шынықтыруға ден қойған. Ал республикалық көрсеткіш – 11,3%. Оған қоса соңғы бес жыл ішінде Нұр-Сұлтанда бірде-бір балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі ашылмаған. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында екі жылдық жобаны жүзеге асыру ұсынылды. Құны – 14 млн теңгені құрайтын кешенді шара барысында 100 спорт нысанын салу жоспарланған. Жиынға қатысқан сарапшылар Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпорын басшыларына жұмыс кестесіне өндірістік гимнастика енгізуді де ұсынып отыр. «Бұл қадам жұмысшылар арасында жарақат алу оқиғаларының азаюына сеп болмақ», – дейді мамандар.

Бақытжан Есжанов, «Кәсіподақтардың Қазақстан спорт және дене шынықтыру қоғамы» ҚҚ-ның вице-президенті:

- Нұр-Сұлтан қаласында тез соғылатын бірегей спорт нысандарын салуды ұсынамыз. Кешен хоккей корты мен шағын футбол алаңын қамтиды. Бұл жоба, біріншіден, жер ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, балаларға спортпен тегін айналысуға жол ашамыз.

Никита Попов, сарапшы:

- Астана экономикалық форумында елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі кеңінен талқыланбақ. Бұл бағыттағы маңызды салалар қамтылады. Қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлар әзірленіп жатыр. Бұл мәселелер бойынша халықаралық сарапшылармен кеңесеміз.

Хабар 24 телеарнасы