378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау баскетбол лигасы ойындарына 6500-ден астам оқушы қатысты

  • 107
Маңғыстау баскетбол лигасы ойындарына 6500-ден астам оқушы қатысты lada.kz

Баскетбол лигасы еліміздегі ірі әлеуметтік жобалардың бірі болып табылады.

11 жылдан бері дәстүрге айналған ойындарда жыл сайын өңірдегі жеткіншектер өзара кім мықтыны анықтайды. Баскетболдан Маңғыстау мектеп лигасы 2008 жылы құрылған. Жылда өтетін жарыстарға облыстағы барлық мектептен 500-ге жуық оқушы  қатысады. Он бір жылдан бері 6500-ден астам оқушы қатысып, 4500 ойын өткізілген, 100 жаттықтырушы тартылып, бәйгеге тігілген 640 жұп кроссовка берілді.

- Мектеп баскетбол лигасы, спорттық құраушы болуынан бөлек, баскетболға мүмкіндігінше көп оқушыларды тартуға бағытталған, бұның Маңғыстау облысы үшін маңызы зор. Өңірлерде кәнігі спортшылар емес, қарапайым жасөпірімдер тартылған жобалар көп емес. «Каспий» баскетбол клубының жастар командасы толығымен Мектеп лигасынан шыққан түлектерден құралған, - дейді Маңғыстау облысының ұлттық баскетбол федерациясының өңірлік директоры, Лиганың ұйымдастырушысы Самсон Аракелян.

Қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаз команданың әрбір ойыншысы АҚШ-тан жеткізілген бірегей  кроссовка иеленеді. Ең үздіктерін жаттықтырушылар Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне шақырады, бұл жерде олардың кәсіпқой спортшы болуға мүмкіндік туады. 

- Бір кездері мені баскетболдан Маңғыстау облыстық мектеп лигасына №5 орта мектеп атынан ойнауға шақырған болатын, бүгінде «Каспий» кәсіби баскетбол клубының құрамасында ойнаймын. Баскетболдан мектептік командаға мені Исламғалиев Роман Мұстафаұлы алған болатын, балалармен демалыс күндері мектеп намысын қорғап, ойындарға барғанымыз, ең алғашқы нағыз кроссовка – демеуші сыйлығын алғаным есімде. Өмірімді баскетболмен байланыстырамын. Тіпті мансабымды аяқтағаннан кейін де спортпен байланысты кәсіппен айналыссам деймін, - деп бөлісті ҚР баскетболдан спорт шебері, Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, «Каспий» КБК командасының капитаны Аймұрат Саткеев.

Баскетбол лигасының жаңа маусымы жаңа оқу жылының басталуымен биыл қыркүйекте басталады.

Хабар 24 телеарнасы