378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: Қазақстан біріншілігінде өзбек командасы ойнауы мүмкін

  • 97
  • UPD: 23:37, 14.05.2019
Хоккей: Қазақстан біріншілігінде өзбек командасы ойнауы мүмкін

Алдағы хоккей маусымында Қазақстан біріншілігінде Өзбекстан командасы бақ сынауы мүмкін.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Хумо» атауыман жаңа команда құрылады. Бұл жөнінде Шайба.kz сайтына сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлайды.

Келешекте аталмыш клубты Құрлықтық хоккей лигасында қатыстыру жоспарланып отыр. Оған дейін команда бір жыл Жоғары хоккей лигасында ойын көрсетеді деген жоспар бар. Команданың фарм-клубы да жасақталады. Бұл команда «Бинокор» атанады. Ол біздің еліміздің біріншілігіне қатыспақ. Осылай болған жағдайда Қазақстан біріншілігінде бақ сынайтын тұңғыш шетелдік команда болып саналады. Қазіргі күндері бұл бағытта демеушілер мен Қазақстан хоккей федерациясымен келіссөздер жүргізілуде.

Соңғы жылдары Өзбекстанда шайбалы хоккейге мән беріліп келеді. Биыл Ташкент қаласында 12500 жанкүйерге арналған жаңа арена пайдалануға берілді. Бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенімен шамалас.

Естеріңізге сала кетелік, 1970-1980 жылдарда Ташкент қаласында «Бинокор» командасы ойын көрсетті. Аталмыш клуб Кеңес одағының бірінші және екінші лигаларында бақ сынады.

Хабар 24 телеарнасы