379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ «Реалдың» үш бірдей ойыншысын сатып алмақ

  • 282
  • UPD: 23:40, 14.05.2019
ПСЖ «Реалдың» үш бірдей ойыншысын сатып алмақ

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы жазғы трансфер кезінде Мадридтің «Реалының» үш бірдей ойыншысын сатып алуды көздеп отыр.

Бірінші кезекте париждік клуб Тони Кроос, Гарет Бэйл және Исконы өз сапына қосқысы келеді.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, үш футболшы да маусым соңында мадридтік клубтан кетуі мүмкін.

ПСЖ «корольдік» клубтың ойыншылары Леандро Паредес, Тило Керер, Юлиан Дракслер және Эдинсон Каванидің орнын басады деп үміттенеді.

Хабар 24 телеарнасы