Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде халықаралық турнир басталады.
Рейтингілік ұпайлар берілетін айтулы жарысқа еліміздің велотрекшілерінен бөлек, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Голландия және Испаниядан спортшылар келді. Гонконг пен Әзербайжан, Өзбекстан, Украина, Литва, Латвия құрамалары Қазақстан астанасында сынға түседі.