389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық каратэшілер Одессадан олжалы оралды

  • 358
  • UPD: 15:25, 16.05.2019
Қазақстандық каратэшілер Одессадан олжалы оралды

«Астана» футболшылары Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 19-турында «Ертістен» басым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодардағы кездесу 4:0 есебімен елорда командасының пайдасына аяқталды.

Каратэшілер одессадан олжалы оралды

Мамырдың 11-і мен 13-і аралығында Украинаның Одесса қаласында каратэ-до годзюрюдан әлем чемпионаты өтті. Осы сында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындарынан кейін 2-орыннан көрінді. 57 келі салмақта Бауыржан Жұман мен 63 келіде Бақтияр Несіпбек, және 84 келіде Жандәулет Бекзатов әлем чемпионы атанды. Бағдат Медет күміс медаль иеленсе, Тұрсынбек Мәулет қола жүлдеге қол созды. Одессада абсолюттік салмақта бақ сынаған Жандәулет Бекзатов жарақат алғанына қарамастан екі бірдей алтын медаль алғанын да айта кетейік.

Жандәулет Бекзатов, каратэ-до годзюрюдан әлем чемпионы:

- 84 келі салмақта бірінші орын алғаннан кейін абсолютқа да шығып көріп, бұл салмақтада Алла жеңісті нәсіп етті. Сол абсолюттік салмақта финалда сол Украинаның спортшысымен шықтым. Ол 5 дүркін әлем чемпионы екен. Сонымен шығып жатқан кезде тура жекпе-жектің алдында, 35-секундта қабырғамды ауыртып алдым. Көк ет деген болады ғой, сол үзіліп кетіп, бірақ аяғына дейін төбелесіп, барымызды салып, жеңісті жұлып алдым. 

«Джиро д'Италия» көпкүндігі  

«Джиро д'Италия» гранд-турының 5-кезеңінде неміс велоспортшысы Паскаль Аккерман жеңімпаз атанды. 140 шақырымға созылған кезеңді ол 3 сағат 15 минут 44 секундта жүріп өтті. Суық ауа райы мен қалың жауын астында жарыс жолына шыққан велошабандоздар құлап қалмауды көбірек ойлаған секілді. Сондықтан жалпы есепке ешқандай өзгеріс енген жоқ. Аккерманнан кейін мәреге колумбиялық Фернандо Гавирия-Рендон мен француз Арно Демар келді. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес жалпы есептегі төртінші орнын сақтап, кезеңді көшбасшылармен бірге аяқтады. Бүгін спортшылар 230 шақырымдық алтыншы кезеңде бақ сынайды. 

Футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

Футболдан әлем кубогы Парижге оралды. Францияда әйелдер құрамалары арасында дүниежүзілік біріншілік өтеді. Доп додасының басты жүлдесі жарысқа қатысушы 24 елді аралап шықты. Турнир 7 маусымда басталып, 7 шілдеде аяқталады. Әлем біріншілігі Францияның тоғыз қаласында өтеді. Биылғы чемпионатқа тұңғыш рет Чили, Шотландия, Ямайка және Оңтүстік Африка Республикасының бұрымды футболшылары қатысады. Жапония, Бразилия, Норвегия, Швеция, Германия, Нигерия, АҚШ құрамалары да кезекті сайыста бақ сынайды. Бұл командалар әлем біріншілігінің бірде-бір жарысынан сырт қалған жоқ. «Бұрымдылар арасындағы футболға деген қызығушылық жоғары», – дейді ұйымдастырушылар. Бүгінге дейін Франциядағы доп додасының 770 мың билеті сатылыпты.

Хабар 24 телеарнасы