389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

  • 645
  • UPD: 10:03, 17.05.2019
Батыр Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді Sports.kz

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 17 мамырда канадалық Монреальда өтеді. Астана уақытымен кездесу 18 мамырда таңертең басталады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Боксшы салмақ өлшеу рәсімінің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Бұған дейін Батыр Жүкембаев Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отыруға жақын екенін хабарлаған еді.

Боксшы кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті. 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған

Хабар 24 телеарнасы