389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абель Санчес Головкиннің жаңа бапкері туралы ойын айтты

  • 383
Абель Санчес Головкиннің жаңа бапкері туралы ойын айтты

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Джонатан Бэнксті жоғары бағалады.

Абель Санчес GGG-ге канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

– Роллспен жекпе-жекте сәттілік тілеймін, оның бұрышында мықты маман. Осы оқиғалардың бәрі оның ойын бөлмейді деген үміттемін. Бэнкстің ең мықты тұсы үлкен жекпе-жектерде еңбек еткендігінде. Ол қорықпайды. Владимир Кличкомен қаншама кездесу өткізді. Бес-алтау шығар. Кличконың жекпе-жектері - өте үлкен оқиғалар. Эмануэль Стюартпен катмен ретінде жұмыс істегенмін, Кличко Мормекпен жұдырықтасқанда. Ол аренада 55 мың көрермен болды. Сондықтан Бэнксты үлкен кездесулермен қорқыта алмайсың. Геннадий тәжіриелі маманмен жаттығады. Джонатан - кәсіпқой әрі тәжірибелі бапкер, - деп келтіреді Санчестің сөзін The Ring Digital.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы