378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйелдер арасындағы кәсіби футболшылар саны екі есеге артқан

  • 65
Әйелдер арасындағы кәсіби футболшылар саны екі есеге артқан

UEFA-ның Еуропадағы бөлімшесі әйелдер футболын дамыту бойынша бес жылға арналған стратегияны таныстырды.

Мақсат – 2024 жылға дейін нәзікжанды аяқдопшылардың санын ұлғайту. Нақтырақ айтқанда, УЕФА-мен одақтас 55 ұйымның құрамындағы ойыншылар санын 2,5 триллионға жеткізу көзделіп отыр. Осылайша, әйелдер арасындағы Еуропалық біріншілік пен Чемпиондар лигасының беделін арттырмақ ниетте. Яғни халықаралық деңгейдегі теңбіл доп шеберлеріне тиісті стандарттар енгізіп, спортшылардың әл-ауқатын жақсарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ нәзік жанды спортшылардың мүддесін қорғайтын мамандарды көптеп тарту қолға алынады. Жалпы әйелдер арасындағы кәсіби футболшылар саны 2017 жылдан бері екі есеге артқан. 

Хабар 24 телеарнасы