378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин Елеусіновті шайқасының андеркардына шығармайтын болды

  • 263
  • UPD: 20:33, 18.05.2019
Головкин Елеусіновті шайқасының андеркардына шығармайтын болды Instagram

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегінің уақыты өзгерді.

Бұл туралы қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«25 мамыр, Мэриленд(АҚШ)»,-деп жазды Елеусінов.

Еске сала кетсек, Елеусінов 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) - Стив Роллс (19-0, 10 КО) бокс кешінің андеркардында рингке шығатыны белгілі болған еді. Боксшының менеджері Зия Алиев Елеусіновтың 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы