380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотрек сайысында қазақстандық спортшы құлап қалды

  • 132
  • UPD: 20:35, 18.05.2019
Велотрек сайысында қазақстандық спортшы құлап қалды

Нұр-Сұлтандағы халықаралық турнирдің іріктеу сынында қазақстандық Павел Воржев құлап қалды деп жазады Olympic.kz.

Воржевтің құлап қалуына қарсыласының оқыс қимылы себеп болған. Воржев айтарлықтай жарақат алған жоқ. 

«Қорқынышты ештеңе жоқ. Ертеңгі жарыс күнінде жүлдеге таласамыз. Спортта мұндай болып тұрады», - дейді Павел. 

Айта кетсек, ертең «Сарыарқа» велотрегінде спортшылар «скретч», "омниум", "кейрин", "мэдисон" және ұпай таратылатын топтық жарыста бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы