384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте еліміздің мықты боксшы қыздары анықталды

  • 523
  • UPD: 22:54, 18.05.2019
Шымкентте еліміздің мықты боксшы қыздары анықталды

Шымкентте әйелдер боксынан Қазақстанның V Спартакиадасы мәресіне жетті.

Olympic.kz жарыс жеңімпаздарының тізімін назарларыңызға ұсынады. 

48 келіде Жамбыл облысының өкілі Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Оның финалдағы қарсыласы Алматы облысының өкілі Анель Құдайберген жекпе-жектен бас тартты. 

51 келіде ел чемпионатының финалында жұдырықтасқан Назым Қызайбай мен Жайна Шекербекованың арасындағы тартыс Назымның жеңісімен аяқталды. 

54 келіде Ақмола облысының өкілі Дина Жоламан Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы атанды. Ол екі рет жастар арасында, жеті рет ересектер арасында топ жарған. 

57 келіде Айжан Қожабековаға тең келер ешкім болған жоқ. Финалда ол тәжірибелі спортшы, ұлттық құрама мүшесі Сәния Сұлтанқызынан басым түсті. 

Елордалық Римма Волосенко 60 келіде үздік атанып отыр. Ол Карина Ибрагимованы жеңген. 

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова 69 келіде қарсылас шыдатқан жоқ. Ол жарақатынан кейін ресми жарыстарға алғаш рет қатысып отыр. 

75 келіде қызылордалық Ақерке Бақытжан, 81 келіде шымкенттік Фариза Шолтай жеңімпаз атанды. 

Ал аса ауыр салмақта 19 жастағы Дина Исламбекова күтпеген жерден жеңіске жетті. Ол әлем чемпионы, еліміздің тоғыз дүркін жеңімпазы Ләззат Күнгейбаеваны алтыннан қақты.

Хабар 24 телеарнасы