378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда өткен «Арманға жол» марафонына 6 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірген

  • 250
  • UPD: 23:12, 19.05.2019

Қарағанды қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын «Арманға жол» жартылай марафоны өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы ауқымды шараға алты мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірген. Тәуелсіздік алаңынан бастау алған марафонға биыл шетел азаматтары да қатысып, бас жүлделерге ие болды.

Жартылай марафонға алты мыңға жуық адам тіркелген. Дегенмен өз еркімен жүгіремін деп бүгін қосылғандардың да қарасы көп болды. Осы жолғы бағдарламаға скандинавия жүрісі де енгізілген.Таңертеңгі сегізде бастау алған шара түскі он екіге дейін жалғасын тапты.

Тілеуберген Дәулетов, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

– Он тоғызыншы рет қатысайын деп отырмын. Мақсатым – елдің намысын қорғап, жастарға үлгі болу.

Иван Лунин мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санатына жатса да, бұл марафонға сонау Шымкент қаласынан ат терлетіп келген. Республиканың түкпір түкпірінде өтетін түрлі жарыстарға ұдайы қатысып тұрамын дейді.

Иван Лунин, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Мен марафонға жылда қатысамын. Бар мақсатым – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірге деген құлшынысын арттыру. Олар да жүгіріп, қоғамда болып жатқан шараларға белсенді қатыса алатындығын көрсеткім келеді. Мен сол қолыммен жазамын, көлік айдаймын, ағаш жара аламын. Қандай жағдай болмасын адамдар өзіне шектеу қойып тастамауы керек.

Биылғы марафонға шетелдік 20 азамат қатысты. Бас жүлдеге тігілген 2 млн теңгені 21 шақырым жүгіріп өткен қырғызстандық Дарья Маслова мен Беларусь елінен келген Владислав Прямов ұтып алды.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы