378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда футбол матчы кезінде төрешінің жүрегі тоқтап қалды

  • 180
  • UPD: 09:27, 20.05.2019
Боливияда футбол матчы кезінде төрешінің жүрегі тоқтап қалды

Футболдан Боливия чемпионаты жоғары дивизионы матчының бас төрешісі Виктор Уртадо ойын кезінде жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Бұл туралы Los Tiempos газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боливия чемпионаты 25-ші турының матчы Эль-Альтода өтті. Онда жергілікті «Олвэйс Реди» мен «Ориенте Петролероны» қабылдап, 5:0 есебімен жеңді.

32 жастағы төреші екінші таймда, ойынның 54-ші минутында алаңда жерге құлады. «Олвэйс Реди» дәрігерінің айтуынша, алғашқыда төрешінің алаңда жүрегі тоқтап қалған, бірақ команданың дәрігерлері оны аман алып қалған. Кейін жергілікті клиникалардың біріне жеткізгеннен соң жүрегі соғуын қайта тоқтатқан. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Хабар 24 телеарнасы