380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сан-Марино Қазақстанмен ойнайтын футболшыларының тізімін жариялады

  • 168
  • UPD: 16:52, 20.05.2019
Сан-Марино Қазақстанмен ойнайтын футболшыларының тізімін жариялады

Сан-Марино құрамасы ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матчқа шақыртылған футболшылардың тізімін жариялады.

Әзірге құрамаға 15 футболшы шақыртылған. Жергілікті чемпионаттың плей-офф кезеңінде сынға түсетін ойыншылар ұлттық құрама сапына кейін қосылады, деп жазады prosports.kz.

Қақпашы: Симоне Бенедеттини («Сан-Марино»);

Қорғаушылар: Кристиан Бролли («Фольгоре»), Энрико Казадеи («Ювенес/Догана»), Микеле Чеволи («Сан-Марино»), Андреа Грандони («Маринанезе», Италия), Фабио Витайоли («Тропикал Кориано», Италия);

Жартылай қорғаушылар: Лука Ченсони («Риччьоне», Италия), Алессандро Голинуччи («Пьетракута», Италия), Лоренцо Лунадеи («Риччьоне», Италия), Марчелло Муларони («Пьетракута», Италия), Фабио Томассини («Пьетракута», Италия), Лука Този («Риччьоне», Италия);

Шабуылшлар: Николо Ангелини («Доманьяно»), Марко Бернарди («Фольгоре»), Маттео Витайоли («Тропикал Кориано», Италия).

Бас бапкер: Франко Варрелла (Италия). 

Хабар 24 телеарнасы