378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің андеркартында жұдырықтасатын Ахмедовтің қарсыласы өзгерді

  • 121
  • UPD: 17:48, 20.05.2019
Головкиннің андеркартында жұдырықтасатын Ахмедовтің қарсыласы өзгерді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (14-0, 10 КО) қарсыласы ауысты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы 8 маусым күні Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) – Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. Әли Ахмедов қарсыласы америкалық Абрахам Хан (26-1-4, 16 КО) қолғап түйістіруден бас тартқан көрінеді, оның орнына отандасымыз 35 жастағы америкалық боксшы Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Әли Ахмедов – GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Хабар 24 телеарнасы