378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC-дің бұрынғы спортшысының бет сүйегі 8 жерден сынып, 9 сағат операция жасатты

  • 196
UFC-дің бұрынғы спортшысының бет сүйегі 8 жерден сынып, 9 сағат операция жасатты

Сингапур елінде өткен One Championship турнирінде UFC-дің бұрынғы спортшысы ауыр жарақат алып, операция жасатты.

23 жастағы Сейдж Норткатт 2015 жылдан бері UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жетсе, екеуінде ұтылған. Ал One Championship ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық спортшы бразилиялық Космо Александремен кездесіп, 29 секундта нокаутқа түсіп қалды.

Кейін белгілі болғандай, жекпе-жектен соң дереу ауруханаға жеткізілген Сейдж Норткаттың бет сүйегі 8 жерден сынып, 9 сағат бойы операция жасатқан, деп жазады prosports.kz.

Хабар 24 телеарнасы