383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраров: Барлығы Головкиннің өз еркінде

  • 225
Жанқош Тұраров: Барлығы Головкиннің өз еркінде prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров соңғы кездері елді елең еткізген Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов төңірегіндегі жағдайға өз пікірін білдірді. 

- Геннадий Головкиннің шешімі - тек өзінің шешімі. Кімді андеркардқа қояды, кімді қоймайды, өз еркінде деп ойлаймын. Бәрі өзіне байланысты. Бұл оқиға жайлы басқа айтарым жоқ, - деді Орталық коммуникациялар қызметіне берген сұхбат барысында. 

Еске сала кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Геннадий Головкин - Стив Роллс андеркардынан алынып тасталған еді. 

Жанқош Тұраровтың кәсіпқой рингке 1 маусым күні оралатыны белгілі болды. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланып отырған бокс кешіне де қатысады. 

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы