380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар анықталды

  • 327
Хоккей: 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар анықталды

Шайбалы хоккейден 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамалар белгілі болды.

Биыл бірінші дивизионнан Қазақстан мен Беларусь элиталық топқа жолдама алды. Ал Франция мен Австрия бірінші дивизионға түсіп қалды. Элиталық құрамалар арасындағы биылғы әлем біріншілігі Словакияда өтіп жатыр. Бүгін топтық кезеңдегі ойындар аяқталады. Келер жылғы чемпионатқа Швейцария, Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Латвия және Норвегия қатысады. Ресей, Словакия, АҚШ, Финляндия, Чехия, Швеция да мықтылар қатарында бар. 2020 жылғы әлем біріншілігі 8-24 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих пен Лозанна қалаларында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы