380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин - Роллс айқасын Қазақстанда қай уақытта көруге болады

  • 208
  • UPD: 14:12, 21.05.2019
Головкин - Роллс айқасын Қазақстанда қай уақытта көруге болады Sports.kz

8 маусым күні кешкісін (Қазақстан уақытымен 9 маусымның таңында) Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында орта салмақтағы бұрынғы WBC/WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Британияның The Sun басылымының хабарлауынша, басты оқиға жергілікті уақытпен таңғы 4 шамасында басталады. Осыған қарап, Головкин-Роллс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым, жексенбі күні шамамен 09:00-де басталады деуге болады. Осы жекпе-жектің андеркардындағы кездесулер алты сағат бұрын басталады.

Алдағы жекпе-жек Головкин үшін екі тұрғыда дебют болмақ: онда Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкстың жұмысына баға беру мүмкіндігі туындайды әрі боксшының DAZN стриминг сервисімен үш жылға жасалған келісімшарты аясындағы алғашқы жекпе-жегі болады.

Хабар 24 телеарнасы