383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Джиро д'Италия»: велошабандоздар 221 шақырымдық қашықтықта сынға түседі

  • 121
  • UPD: 09:55, 22.05.2019
«Джиро д'Италия»: велошабандоздар 221 шақырымдық қашықтықта сынға түседі

Қазақстандық жеңіл атлеттер «Таиланд оупен» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Елімізден аттанған төрт спортшының төртеуі де алтын медальға қол жеткізді. Иван Иванов ядро лақтыруда топ жарса, Мария Овчинникова үш қарғып секіруде жеңіске жетті. Сырықпен секіруде Полина Иванова жеңімпаз атанды. Ал Елизавета Матвеева биіктікке секіруде алдына жан салған жоқ.

Бір күндік демалыстан кейін «Джиро д'Италия» көпкүндігі жалғасын тапты. 145 шақырымға созылған 10-кезеңде спринтерлік сайыстың мықтылары жүлдеге таласты. Жазық жолда құстай ұшатын велошабандоздар Модена қаласының көшесінде кедергіге тап болды. Финалдық кезеңде құлаған қалың топтың арасында «Астана» командасының спортшылары болған жоқ. Спринтерлік сайыста француз Арно Демар жеңіске жетті. «Астаналықтар» арасынан Мануэле Боаро көзге түсіп, мәреге 24-болып келді. Жалпы есепте Валерио Конти топ басында қалды. Қазақстандық команданың капитаны Мигель Анхель Лопес «қызғылт жейденің» иесінен 6 минут 19 секунд ұтылып, 27-орынға жайғасты. «Астаналық» Пельо Бильбао жалпы есепте үздік ондықтың қатарында келеді. Испаниялық велоспортшы көшбасшыдан 3 минут 32 секунд ұтылып тұр. Бүгін «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 11-кезеңі өтеді. Спортшылар 221 шақырымдық қашықтықта сынға түседі.   

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдағы алғашқы кездесулері өтеді. «Тобыл» Қостанайда «Қайсарды» қабылдайды. «Тобыл-Аренадағы» матч кешкі жетіде басталады. Шымкентте «Ордабасы» мен «Атырау» алаңға шығады. «Қажымұқан» атындағы стадионда өтетін ойын кешкі алтыға жоспарланған. Қарымта кездесулер 19 маусымда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы