380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: Мхитарян екі ел арасындағы араздыққа байланысты финалға қатыспайды

  • 148
  • UPD: 09:58, 22.05.2019
Еуропа лигасы: Мхитарян екі ел арасындағы араздыққа байланысты финалға қатыспайды Чемпионат.com

«Арсенал» командасының жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян Баку қаласында өтетін Еуропа лигасының финалына қатыспайды.

Ағылшын клубы Армения мен Әзербайжан арасындағы ұзақ жылға созылған араздықты ескеріп, ойыншыны Лондонда қалдыруды жөн көріпті. Мхитарянның Бакуге келуі дау-дамай туғызып, футболшы мен команданың көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін. Бұған дейін Әзербайжан сыртқы істер министрлігі армениялық ойыншының финалға қатыса алатынын мәлімдеп, қауіпсіздік сақталатынын хабарлаған еді. Алайда футболшы шешуші ойынға қатыспайтынын айтты. «Арсенал» мен «Челси» арасындағы Еуропа лигасының финалы 29 мамырда Бакудегі олимпиадалық стадионында өтеді.

Унаи Эмери, «Арсенал» ФК бас бапкері:

- Әрине, бұл біз үшін жақсы жаңалық емес. Мен Мхитарянмен сөйлестім. Бұл Генрихтің шешімі, сондықтан оған құрметпен қарау керекпіз. Мен саяси шиеленістерді түсінбеймін. Бірақ аталған жағдайды ескеруге тиіспіз. Футболшы өз командасымен бірге болып, ойынға қатысқысы келеді. Бірақ отбасымен ақылдасып, Бакуге бармау туралы шешімге келді.

Хабар 24 телеарнасы